Bluetooth туралы
Құрылғыдағы Bluetooth технологиясы
10 метр диапазонда орналасқан
электрондық құрылғылар арасында
сымсыз байланысты орнату
мүмкіндігін береді. Bluetooth
байланысын суреттер, бейнелер,
мәтін, бизнес карталарын, күнтізбе
жазбаларын жіберу немесе Bluetooth
технологиясын пайдаланатын
құрылғыларға сымсыз түрде
байланысу үшін пайдалануға болады.
Bluetooth технологиясын
пайдаланатын құрылғылар радио
толқындары арқылы
байланысатындықтан, сіздің
құрылғыңыз бен басқа құрылғылар
тікелей көрініс аймағында болуы қажет
емес. Байланысқа қабырғалар немесе
басқа электрондық құрылғылар
кедергілер келтіруі мүмкін
болғанымен, екі құрылғы арасында ең
көбі 10 метр болуы керек.
Бір уақытта бірнеше Bluetooth
қосылымын қолдануға болады.
Мысалы, құрылғы шағын гарнитураға
қосылған болса, сол уақытта
файлдарды басқа үйлесімді құрылғыға
тасымалдауға болады.
Бұл құрылғы 2.1 + EDR Bluetooth
сипатына сәйкес келеді және келесі
профильдерді қолдайды: дыбысты
жоғары сапамен тарату, дыбысты/
бейнені қашықтан басқару, суреттерді
оңай бөлісу, оңай басып шығару,
құрылғы идентификаторы, желі
бойынша теру, дыбысты/бейнені
жалпы тарату, ортақ пайдалану, топты
нысандарды жіберу, хэндсфри, (адам
интерфейсі бар құрылғының)
гарнитурасы, нысан жіберу, телефон
кітапшасын пайдалану, файл жіберу,
жүйелі енгізу-шығару порты, SIM
картасын пайдалану . Bluetooth
технологиясын қолдайтын басқа да
құрылғыларымен өзара байланысты
қамтамасыз ету үшін Nokiа мақұлдаған
қосымша аспаптарды ғана
пайдаланыңыз. Осы құрылғының
басқа құрылғылардың
өндірушілерімен бірге үйлесімділігін
қамтамасыз етіңіз.
Bluetooth технологиясын қолдану
мүмкіндігі батареяның қуатына
Байланысу мүмкіндігі
47
© 2010-2011 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
талаптарды арттырады және
батареяның қызмет ету уақытын
қысқартады.