
Желідегі достармен байланысты болу
Facebook қызметіндегі контактілері бар
құрылғыдағы контакт ақпаратын
қадамдастыруға болады. Сонымен
қатар, жаңа Facebook есептік
жазбасын тікелей құрылғыдан жасауға
болады.
Қадамдастыруға рұқсат берілгенде,
суреті мен жаңартылған күйлері
сияқты контактілеріңіздің Facebook
профиль ақпаратын құрылғыдағы
Contacts қолданбасында көруге
болады. Қадамдастырылған
контактілердің санынан да хабардар
боласыз.
Қадамдастырудан кейін, Contacts
белгішесі
достарыңыздың
профилінде көрсетіледі, сондай-ақ
Facebook қолданбасын пайдаланып та
қоңырау шалуға және хабар жіберуге
болады.
Контактілерді қадамдастыру және
жаңартылған күй ақпаратын алу желі
қызметтері болып келеді. Роуминг
және дерек жіберу ақылары алынуы
мүмкін. Әлеуметтік желі қызметін
пайдалану мүмкін болмаса немесе ол
дұрыс істемесе, қадамдастыруды
орындау немесе жаңартылған күй
ақпаратын алу мүмкін болмайды.
Бұл мүмкіндікті кейбір аймақтарда
пайдалану мүмкін болмайды.