Желіден тыс профиль
Желіден тыс профильді жылдам іске
қосу үшін, қуат пернесін басып қалып,
Автономный
опциясын таңдаңыз.
Басқа профильге ауысу үшін, қуат
пернесін басып қалып, профильді
таңдаңыз.
Желіден тыс профилі іске қосылғанда,
радио жиіліктерін қолданатын
байланыстардың барлығы жабылады.
Алайда, құрылғыны SIM картасыз
пайдаланып радио немесе музыка
тыңдауға болады. Сымсыз телефонға
тыйым салынғанда, құрылғыңызды
өшіріп қоюды ұмытпаңыз.
Маңызды: Дербес режимінде сіз
қоңырау шала не қабылдай алмайсыз
немесе ұялы желі ауқымында қажет
етілетін басқа да мүмкіндіктерді
пайдалана алмайсыз. Қоңыраулар
сіздің құрылғыңыздағы бағдарламаға
салынған ресми жедел жәрдем нөмірі
үшін әлі де мүмкін. Қоңырау шалу үшін
алдымен режимді өзгерту арқылы
телефон функциясын іске қосу қажет.
Егер құрылғы кілттелген болса, кілттеу
кодын енгізіңіз.