Басқа құрылғыдан мазмұнды
тасымалдау
>
Настройки
>
Перенос
белгішесін
басыңыз.
«Тасымалдау» қолданбасымен
контактілер сияқты мазмұнды
үйлесімді екі Nokia құрылғысы
арасында тасымалдауға болады.
Тасымалданатын мазмұнның түрі ол
орналасқан құрылғының үлгісіне
байланысты болады. Екінші құрылғы
қадамдастыруды қолдаса, сол
құрылғы мен сіздің құрылғыңыз
арасында деректерді қадамдастыруға
12
Пайдалануды бастау
© 2010-2011 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
да болады. Екінші құрылғы үйлесімсіз
болса, құрылғыңыз оны ескертеді.
Екінші құрылғыны SIM картасын
салмастан қосу мүмкін болмаса, оған
өз SIM картаңызды салуыңызға
болады. Құрылғыңыз SIM картасы
салынбаған күйде қосылғанда,
автоматты түрде желіден тыс профиль
қосылады.
Екінші құрылғы Bluetooth байланысын
қолдауы керек.
Мазмұн тасымалдау
Екінші құрылғыдан деректерді алғаш
рет шығарғанда:
1 Құрылғылардың екеуінде де
Bluetooth байланысын іске
қосыңыз.
2 Мазмұны тасымалданатын
құрылғыны таңдаңыз.
Құрылғыңызда код енгізу
сұралады. Кодты енгізіп (1-16 сан),
OK
түймесін басыңыз. Екінші
құрылғыға да сол кодты енгізіңіз
де,
OK
түймесін басыңыз.
Құрылғылар жұптасады.
Кейбір құрылғы үлгілерінде
«Тасымалдау» қолданбасы екінші
құрылғыға хабар түрінде
жіберіледі. Екінші құрылғыда
«Тасымалдау» қолданбасын
орнату үшін, хабарды ашып,
нұсқауларды орындаңыз.
3 Құрылғыңызда екінші құрылғыдан
тасымалданатын мазмұнды
таңдаңыз.
Мазмұн екінші құрылғының жадынан
құрылғыңыздағы тиісті жерге
тасымалданады.
Тасымалдау уақыты тасымалданатын
деректердің көлеміне байланысты
болады. Тасымалдауды тоқтатып,
кейін жалғастыруға болады.
Қадамдастыру екі жолды, ал екі
құрылғыдағы деректер бірдей болады.
Құрылғылардың біреуінен элемент
жойылса, қадамдастырғанда, ол екінші
құрылғыдан да жойылады; жойылған
элементтерді қадамдастыру арқылы
қалпына келтіру мүмкін емес.
Соңғы тасымалданғандардың
журналын көру үшін, басты мәзірде
төте жолды және
Функции
>
Показать
журнал
тармағын таңдаңыз.