
Батареяны зарядтау
Батарея зауытта аздап зарядталған,
бірақ құрылғыны бірінші рет қосу
алдында батареяны қайта зарядтау
қажет болуы мүмкін.
Егер құрылғы заряды аз болса,
төмендегіні орындаңыз:
1 Зарядтағышты розеткаға қосыңыз.
2 Зарядтағышты құрылғыға
қосыңыз.
3 Батарея толық зарядталғаннан
кейін зарядтағышты құрылғыдан
ажыратыңыз, сонан соң,
розеткадан ажыратыңыз.
Белгілі бір уақыт батареяны
зарядтамауға болады және құрылғыны
ол зарядталып жатқанда да қолдануға
болады. Егер батарея заряды толық
біткен болса, дисплейде зарядтау
көрсеткіші жанғанша немесе қоңырау
шалу мүмкін болғанша бірнеше минут
қажет болады.
Кеңес: Ескі үйлесімді Nokia
зарядтағыштары бар болса, ескі
зарядтағышқа CA-44 зарядтағыш
адаптерін жалғап оларды құрылғымен
пайдалануға болады. Адаптер қосалқы
құрал ретінде бөлек сатып алынады.
USB арқылы зарядтау
Қабырға розеткасын пайдалану мүмкін
болмағанда, USB зарядтау тәсілін
қолдануыңызға болады. Құрылғыны
USB деректер кабелімен
зарядтағанда, зарядтау уақыты
ұзағырақ болады. USB зарядтау
тиімділігі едәуір өзгеше болады. Кейбір
жағдайларда, зарядтау процесінің
басталуына және құрылғының жұмыс
істей бастауына көп уақыт кетуі мүмкін.
USB арқылы зарядтағанда, USB
деректер кабелі арқылы зарядтау
барысында деректерді тасымалдауға
болады.
1 Құрылғыға үйлесімді USB деректер
кабелі арқылы үйлесімді USB
құрылғысын жалғаңыз.
Зарядтауға қолданылатын
құрылғы түріне қарай зарядтау
10
Пайдалануды бастау
© 2010-2011 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

процесінің басталуына біраз уақыт
кетуі мүмкін.
2 Құрылғы қосылған болса,
құрылғының дисплейінде бар
болған USB режимінің
опцияларынан таңдаңыз.