
Құрылғының және SIM картасының
қауіпсіздігі
>
Настройки
>
Параметры
>
Общие
>
Защита
таңдаңыз.
PIN кодын өзгерту үшін
Телефон и SIM-
карта
>
Код PIN
таңдаңыз. Жаңа PIN
кодының ұзындығы 4-8 таңба болуы
қажет. PIN коды SIM картаны
рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды
және SIM картамен қамтамасыз
етіледі. PIN кодын қатарынан үш рет
қате енгізсеңіз, ол құлыпталып қалады
және SIM картаны қайтадан
пайдаланудан бұрын, оны құлыптан
шығару үшін PUK кодын пайдалану
қажет болады.
Пернетақтаны анықталған уақыттан
кейін автоматты түрде құлыптау үшін
орнатқанда
Телефон и SIM-карта
>
Период автоблок. клав.
таңдаңыз.
Құрылғы автоматты түрде
құлыпталатын және дұрыс құлыптау
коды енгізілгенде ғана
пайдаланылатын аяқталу уақытын
белгілеу үшін
Телефон и SIM-карта
>
Период автоблокиров.
таңдаңыз.
Аяқталу уақытының аралығын
минуттармен енгізіңіз немесе
автоқұлыптау мүмкіндігін өшіру үшін
Нет
таңдаңыз. Құрылғы құлыптанған
кезде, кіріс қоңырауларына жауап
беруге болады және құрылғыңызға
бағдарламаланып қойған ресми
төтенше нөмірге қоңырау шалуыңызға
болады.
Құлыптау кодын өзгерту үшін
Телефон
и SIM-карта
>
Код блокировки
таңдаңыз. Әдепкі құлыптау коды
12345. Ағымдағы кодты енгізіңіз, кейін
жаңа кодты екі рет енгізіңіз. Жаңа
кодтың ұзындығы 4-255 таңба болуы
қажет. Әріптік-сандық (жоғарғы
регистр және төменгі регистр)
таңбаларын пайдалануға болады.
Құлыптау коды дұрыс пішімделмесе,
құрылғы сізге хабарландырады.
Қосалқы құралдардың жалпы
параметрлері
>
Настройки
және
Общие
>
Аксессуар
тармағын таңдаңыз.