
Электрондық пошта параметрлерін
орнату
Nokia электрондық пошта шеберінің
көмегімен Microsoft Outlook, Mail for
Exchange немесе Intellisync сияқты
корпоративтік және Интернеттегі
электрондық пошта есептік
жазбасының параметрлерін орнатуға
болады.
Корпоративтік электрондық пошта
параметрлерін орнатқанда,
электрондық пошта мекенжайына
қатысты сервер атауы сұралуы мүмкін.
Толық мәліметтерді компанияның АТ
бөлімінен алыңыз.
1 Бастапқы экранда электрондық
пошта шеберін таңдаңыз.
2 Электрондық пошта мекенжайын
және кілтсөзді енгізіңіз. Егер шебер
электрондық пошта параметрлерін
автоматты түрде реттемесе,
электрондық пошта есептік
жазбаңыздың түрін таңдап, тиісті
есептік жазба параметрлерін енгізу
керек болады.
Құрылғыда қосымша электрондық
пошта клиенттері бар болса, олар
электрондық пошта шеберін іске
қосқанда ұсынылады.