Голограмма шынайылығын растау
1
Голограммаға қараңыз. Бір бұрышынан қарағанда
Nokia корпорациясының қол алысу белгісі, ал
екінші бұрышынан қарағанда «Nokia Original
Accessories» логотипі көрінуі тиіс.
2
Голограмманы солға, оңға, төмен және жоғары
қисайтыңыз. Әр жағынан тиісінше 1, 2, 3 және 4
нүкте көрінуі тиіс.
Дегенмен, бұл батареяның түпнұсқалығын растауға
толық кепілдік бермейді. Егер сіз шынайылығын растай
алмасаңыз немесе Nokia батареясын жапсырмасындағы
голограммасымен бірге шынайы Nokia батареясы емес
екеніне сенуге қандай да бір себеп болса, батареяны
пайдалануды тоқтатып, оны жергілікті Nokia өкілетті
қызмет көрсету орталығына немесе дилеріне алып бару
керек.
Түпнұсқа Nokia батареялары туралы қосымша мәлімет
алу үшін, www.nokia.com/battery торабына өтіңіз.