Құрылғыны зиянды мазмұннан қорғау
Құрылғыңыз вирус және басқа зиянды мазмұнның
шабуылына ұшырауы мүмкін. Төмендегі сақтық
шараларын орындаңыз:
•
Хабарларды ашқанда сақ болыңыз. Олардың
құрамында зиянды бағдарламалар немесе
құрылғыңызды немесе компьютеріңізді
зақымдайтын басқа да зиянды нәрселер болуы
мүмкін.
•
Байланыс сұрауларын алғанда, интернетті
шолғанда немесе мазмұнды жүктеп алғанда сақ
болыңыз. Сенімсіз көздерден Bluetooth
байланыстарын қабылдамаңыз.
•
Тек сенімді және жеткілікті қауіпсіздік пен қорғау
мүмкіндігін ұсынатын көздерден алынған
қызметтер мен бағдарламаларды орнатып,
пайдаланыңыз.
•
Құрылғыңызға және кез келген қосылған
компьютерге вирусқа қарсы және қауіпсіздікті
қамтамасыз ету бағдарламаларын орнатыңыз. Бір
уақытта тек бір антивирустық қолданбаны
пайдаланыңыз. Бірнешеуін қолдану құрылғының
және/немесе компьютердің өнімділігі мен
жұмысына әсер етуі мүмкін.
•
Егер үшінші тараптардың алдын ала орнатылған
бетбелгілері мен сілтемелерін пайдалансаңыз,
тиісті сақтық шараларын қолданыңыз. Nokia
мұндай тораптарды мақұлдамайды және олар үшін
жауап бермейді.